Коронавирус • 18 Қараша, 2021

Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың 82 пайызы вакцина алмағандар - Бекшин

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда кейінгі аптада COVID-19 жұқтырғандардың 18 пайызы екпе алған, ал 82 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салғызбаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың 82 пайызы вакцина алмағандар - Бекшин

Бір апта ішінде инфекцияның 936 жаңа жағдайы, кейінгі тәулікте 128 дерек тіркелген. Сонымен қатар, кейінгі аптада ауру жұқтырғандардың негізгі бөлігі (82 пайызы) екпе алмаған азаматтар. Вирус жұқтырған және вакцина алмаған алматылықтардың 29 пайызы 20 мен 39 жас аралығындағылар, 27 пайызы 40 пен 59 жас аралығындағылар, 26 пайызы 60 жастан асқандар.

«Бұл қолданыстағы шектеу шаралары мен 48 пайыз халықты вакциналау деңгейі арқасында. Бізде апталық аурушаңдық азайды, бірақ оны бекіту үшін 22 қарашаға дейін сары аймақ бойынша талаптарды сақтау қажет», деп мәлімдеді Бекшин.

Алматының бас санитария дәрігерінің айтуынша, аурушаңдықтың оптимист көрсеткіштеріне қарамастан, қаладағы жұқпалы аурулар ауруханаларында 673 адам жатыр, оның 17-сі бала.
 
«Сондықтан 12 жастан асқан жасөспірімдерді белсенді түрде вакциналау өте маңызды. Жаңа дельта нұсқасы балаларға бағытталған: былтыр 281 мектеп оқушысы ауру жұқтырған болса, биыл 15 039-ы жұқтырған», деді ведомство басшысы.