● Астанада алдағы кезеңде 10 мың адамға арналған заманауи студенттік кампустың құрылысы басталады. Осы жоба бойынша емхананы пайдалануға беру жоспарланған.
● Жуырда «Алматы қаласының көшелері» атты анықтамалық оқырмандар қолына тиді. Көлемді анықтамалықта шаһардың барлық көшелері туралы мағлұмат берілген.
● Алматы облысында өткен жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша 866, 6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал үш жыл ішінде 111 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілген.
● Келешекте еліміз бойынша тұңғыш радиологиялық кластер Семей қаласынан ашылады. Бұл жерден әрбір азамат тексеруден өте алады.
● «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбыры жыл соңына дейін іске қосылатын болды. Сондай-ақ, төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі де қарастырылады.
● Қостанай облысының шаруаларына биыл 6,5 млрд. теңге көлемінде субсидия бөлінеді. Оның бір бөлігі минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер сатып алуға жұмсалады.
● Батыс Қазақстан облысында индустрияландыру картасына енгізілген 4 жоба іске қосылды. Соның бірі құрылыс материалдары комбинаты.
● Биыл республика өңірлерінде 5 онкологиялық орталық ашылады. Осы орындарға заманауи құрал-жабдықтар орнатылмақ.
● Қарағанды облысында мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Онда бірнеше азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Egemen.kz хабарлары мен облыстық әкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.