Өнер • 19 Қараша, 2021

Айтылмаған бір әнім бар...

679 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада халық арасында «Қазақтың қоңыры» атан­ған Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі, әнші Нұрлан Өнербаевтың «Айтыл­маған бір әнім бар» ат­ты шы­ғармашылық кеші өтті.

Айтылмаған бір әнім бар...

Нұр-Сұлтан қаласы әкімді­гінің қолдауымен өткен кешке Музыкалық жас көрермендер театрының әртістері мен Қазақ­станның еңбек сіңірген қайрат­керлері Саят Медеуов, Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуәлі, «Сла­вян базары-2021» халық­ара­лық фестивалінің Гран-при иегері Рухия Байдүкенова, Junior Eurovision-2020 халық­ара­лық байқауының лауреа­ты Ер­жан Максим, «Славян ба­зары-2019» халықаралық фес­ти­валінің Гран-при иегері Әділ­хан Макин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қа­нат-Света Айтбаевтар, т.б. өнер ие­лері қатысып, кеш ие­сінің орын­дауындағы әндерді шырқады.

Шығармашылық кеш барысында бейнеархивтер көрсе­тіліп, Музыкалық жас көрер­мен театры­ның әртістері театрлан­ды­рылған көрініс арқылы кеш иесінің әншілі­гімен қоса актерлік өнер саласына да қосқан үлесін, сонымен қатар қазақ радио­сы, телеарналардың алтын қор­ларындағы еңбектерін көрсетті.