Бұл туралы Daily Sabah басылымы мәлім етті.
Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Кечиорен аймағындағы жарылыстан зардап шеккен екі баланың жағдайы ауыр екенін айтты. Оқиғадан кейін бірден сегіз жедел жәрдем жіберілді, деді Кожа.
Ал Анкара губернаторы Васип Шахин жарылыс сұйытылған мұнай газы (PG) әсерінен болғанын айтты. Құтқарушылар зардап шеккендерді іздеуді жалғастырып жатыр, адамдар үйінді астында қалуы мүмкін.
Қажетті талдаулардан кейін егжей-тегжейлі мәлімдеме кейінірек жасалатыны айтылды.