Аймақтар • 19 Қараша, 2021

Алматыда 122 мыңға жуық қария вакцина алды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында бір тәулікте 3 423 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 122 мыңға жуық қария вакцина алды

«18 қараша күні 3 423 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 874, II компонентін – 1 549 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 18 қараша аралығында қалада 1 015 141 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 967 790 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 739 адамның жасы 60-тан асқан», деп хабарлады басқармадан.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 екпе бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.