27 Ақпан, 2014

Учаскелерге тіркеу аяқталуға жақын

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жергілікті әскери басқару органдары ел азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді аяқтауда. «Әскери қызмет және әс­кери қызметшілердің мәр­те­бесі туралы» Заңға сәйкес, 2014 жылы 17 жасқа толатын жас­өс­пі­рім­дер есепке алынатын болады. Бүгінгі таңда 80 мыңнан аса адамды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілді. Екі ай ішінде жасөспірім жігіттер тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерде олардың әскери қызметке жа­рам­­дылық деңгейін анықтау мақ­сатында медициналық тексеруден өтті. Бұл іс-шаралар әскери қыз­метке шақырылу жасына дейінгі жас­тарды әскер қатарына дайын­дауға мүмкіндік береді. Денсау­лықтарында елеусіз кемшіліктер анықталған жастарға тиісті емдеу мекемелеріне жолдамалар берілді. Олар онда әскерге шақырылу жасына дейін денсаулықтарын түзете алады. Сонымен қатар, әскерге ша­қыру пункттеріне тіркеу барысында жастар арасында әскери оқу орындарында білім алуға ниет білдіргендерге түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар