Коронавирус • 20 Қараша, 2021

Вакцина салдыру бойынша Түркістан облысы алдыңғы орынға шықты

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласынан озып, республика бойынша алдыңғы орынға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцина салдыру бойынша Түркістан облысы алдыңғы орынға шықты

«20 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 620 968 адам, II компонентін 7 929 289 адам салдырды», делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында, өңірде 1 017 422 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 953 289 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Алматы қаласы. Қалада 1 016 192 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 969 014 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 903 863 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 859 709 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Еске сала кетсек, кеше вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, Түркістан облысы екінші орында болды.