27 Ақпан, 2014

Қазақстандық өнімге қызығушылық

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Он жылға жуық уақыттан бері медициналық құрал-жабдықтармен, жиһаз өндірумен және оларды сатумен айналысып келе жатқан «Қазмедприбор» компаниясы бүгінде елімізге кеңінен танымал. Жақында «Қазмедприбор» Дубай қаласында өткен халықаралық «Arab Health - 2014» көрмесіне қатысып қайтты. Бұл көрме Таяу Шығыс елдерінің медицина саласында үлкен орын алады және отыз бес жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Казмедприбор фото Казмедприбор 2 Айта кету керек, көрме жұ­мы­сына Қазақстан атынан қа­тысқан осынау жалғыз ком­па­нияның әлемнің алпауыт өнді­руші кәсіпорындарымен иық ті­рестіріп өз өнімін халықаралық дең­гейде ұсынуы, әрине, «Казмед­­­­­­прибордың» қазіргі медицина саласы нарығында атқарып келе жатқан нәтижелі және сапалы еңбегінің көрінісі екені анық. Төрт күнге созылған көрме жұмысында қазақстандық тауарларды әлемнің 30 елінен келген 15 мыңнан астам адам тамашалады. Сөйтіп, «Қазмедприбор» Италия, Пәкістан, Сирия, Оңтүстік Корея секілді елдердің ірі компанияларымен келісімшартқа отыруға қол жеткізді. Сондай-ақ, көршілес Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, сонымен қатар, Үндіс­тан, Сирия, Иран және тағы да басқа елдерге экспортқа тауар шығару ұсыныстары талқыланды. Аталмыш елдердің өкілдері бұл кәсіпорын өнімдерінің сапасына қызығушылық танытып, бірқатар тиімді ұсыныстар жасады. – Біз медицина құрал-жаб­дықтарын шығару, жедел жәр­дем көліктерін жабдықтау бағы­тындағы өте ауыр жұмысты қолға алғанбыз. Бірақ, қажырлы еңбегіміздің арқасында осынау отандық өнімдерді жоғары деңгейге жеткізе білдік. Осы дүбірлі көрмеге қатысуымыздың өзі біздің компанияның осы саладағы табысты еңбегінің бір көрінісі екені даусыз, – дейді «Қазмедприбор» компаниясының президенті Рахат Байзақов. Аталмыш көрмеде еліміздің БАӘ-дегі елшісі Асқар Шоқыбаев компания өнімдерімен танысып, Қазақ елінің қарыштап дамып келе жатқан медицина саласына үлкен үлес қосып жүрген «Қазмедприбордың» алға қойған мақсаттарына, жұмысына сәттілік тіледі. Әлемнің 145 елінен келген 85 мың қатысушы тамашалаған көрмеде кәсіпорын мен оның басшысы ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хатқа ие болды. Сапалы өнім мен қызмет ұсынуды мақсат еткен «Қазмедприбор» компаниясының алар асуы әлі де алда екеніне сенім мол. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.