Құлжа тасжолы бойымен жүретін көліктерге екі бағытта да жол ашылды. Сонымен қатар енді шығыс бағытта бұрылыс алаңқайына бармастан Бұқтырма көшесінен Құлжа тасжолына бірден бұрылуға болады.
Барлық бағыттағы қозғалысты ашу 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған. Төрт және алты жолақты заманауи жолайрығы шығыс айналма автожолын әуежайға апаратын жолмен байланыстырады және учаскенің жүктемесін жеңілдетеді.
Құлжа трактісі бойындағы эстакаданың ұзындығы 784 метр, Бұқтырма көшесіндегі туннель 570 метр. Абаттандыру кезінде жақын аумақтарға 750 ағаш отырғызылады.