Коронавирус • 22 Қараша, 2021

Қазақстанда халықты ревакциналау басталды

119 рет көрсетілді

Бүгіннен бастап Қазақстанда халықты ревакциналау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Науқан екі кезеңнен тұрады. Осыған дейін вакцинаның екі дозасын да салдырғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды.

Бұл медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ күш құрылымдарының қызметкерлері.

Осыған орай ҚР Бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация жүргізу туралы қаулысы жарияланды.

Құжатта КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жататын халықтың тәуекел топтары көрсетілген.

Олар: 1) медицина қызметкерлері; 2) педагогтер; 3) күш құрылымдарының қызметкерлері; 4) медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті; 5) 60 жастан асқан адамдар; 6) Бұған дейін КВИ-ге қарсы вакцина алса да, иммунитеті әлсіреген адамдар (иммуносупрессивті терапиядағы адамдар (лейкемияны, лимфоманы және миеломаны қоса алғанда, қатты ісікті немесе гематологиялық қатерлі ісікті белсенді иммуносупрессивті емдеу немесе осындай емдеу тоқтатылғаннан кейін 12 ай ішінде), гемодиализдегі адамдар, трансплантат реципиенттері, АИТВ жұқтырған ауыр бастапқы иммун тапшылығы); 7) өз бетінше тексерілу нәтижесінде ағзасында КВИ-ге қарсы антидене жоқ екені анықталған адамдар.

Соңғы жаңалықтар

Достық бесігі

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Ел кубогы үшін таласады

Футбол • Бүгін, 08:40

Ширек финалда ұтылды

Теннис • Бүгін, 08:39

Даярлықтарын пысықтады

Хоккей • Бүгін, 08:37

Әзірге бесінші орындамыз

Спорт • Бүгін, 08:30

Он жылға сотталды

Қоғам • Бүгін, 08:25

41 жобаға – 11,2 млрд теңге

Аймақтар • Бүгін, 08:20

732,5 млрд теңге тартылады

Аймақтар • Бүгін, 08:15

Әскерилер шеберлік сынасады

Қазақстан • Бүгін, 08:10

«Айқайдың» астары

Өнер • Кеше

Байрон ұйығы

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар