Коронавирус • 22 Қараша, 2021

Елордада ревакциналау басталды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы медициналық ұйымдарда 9 ай бұрын коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтарды ревакциналау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада ревакциналау басталды

Осылайша, бүгіннен бастап медициналық қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен педагогтер қайта егіледі. Сондай-ақ, бұл тізімге медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері кірді.

«Бүгін біз ақпан-наурыз айларында алғаш болып екпе алған азаматтарды ревакциналауға кірісеміз. Сонымен қатар, 6 ай бұрын QazVac және қытайлық Vero Cell препаратының дозасын алған адамдар ревакцинаға жатады. Компоненттер арасындағы аралықты сақтау өте маңызды. Біздің вакциналау пунктерінде бұл процедура үшін жеткілікті мөлшерде доза бар. Сонымен қатар, КВИ-ге қарсы вакцинамен ревакцина жүргізуге болады», деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Ол сондай-ақ, қалада Pfizer препаратымен вакциналау жалғасып жатқанын айтты. Pfizer вакцинациясы басталғаннан бері бір апта ішінде елордада жүкті әйелдер, 12-18 жас аралығындағы балалар мен бала емізетін аналар арасынан 3 600-ден астам қала тұрғыны егілді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірінші компонентпен вакцинацияланғандар саны 465 мың адамды құрады, екінші компонентті 427 мыңнан астам азамат алды.