Әлем • 22 Қараша, 2021

Си Цзиньпин: Қытай «ядролық қарусыз аймақ» хаттамасына қол қоюға дайын

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ядролық қарусыз аймақ туралы келісім хаттамасына (Бангкок шарты) мүмкіндігінше тезірек қол қоюға дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Си Цзиньпин: Қытай «ядролық қарусыз аймақ» хаттамасына қол қоюға дайын

«Қытай Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясының ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі күш-жігерін қолдайды және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарттық хаттамаға мүмкіндігінше тезірек қол қоюға дайын»,  деді Си Цзиньпин Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы арасындағы диалогтың орнағанына 30 жыл толуына арналған саммитте.

Сонымен бірге ол Қытай күш қолдануы саясатына қатты қарсы екенін, Пекин ешқашан гегемонияға ұмтылмайтынын және аймақтағы бейбітшілікті ортақ күш-жігермен қамтамасыз ету үшін көрші елдермен ұзақ мерзімді достық қатынастарды қолдауға дайын екенін атап өтті.