Аймақтар • 22 Қараша, 2021

Ақтөбеге Pfizer вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысына Pfizer вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілді. Жалпы өңірде 93 мың адам осы вакцинамен егіледі деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеге Pfizer вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілді

Ақтөбе облысында бір тәулікте 18 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 15-і дерттің симтомды түріне шалдыққан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, қазір COVID-19 жұқтырған 24 баланың бәрі амбулаторды түрде ем қабылдап жатыр. Ал екі жүкті әйел аурханада, дәрігерлер бақылауында.

«Ақтөбе облысына Pfizer вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілді. Қазір емханаларға үлестіріліп жатыр. Балаларды, жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды вакцинациялау басталды деп айтуға болады. Ата-аналарға түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр. Әзірге нақты санын айта алмаймыз», деді Бекболат Ізбасаров.

Айтып өтейік, бүгінде Ақтөбеде 147 адам инфекциялық стационарларда ем қабылдап жатыр. Оның 16-ы жақсақтау бөлімінде. Екеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бүгінгі күнге дейін облыста 34 мыңнан астам COVID-19 жұқтырса, оның 98,1% жазылып шықты.