Әлем • 22 Қараша, 2021

Қылмыстық топтың 40 мүшесі құрықталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның қаржы гвардиясы заңсыз көші-қон, жезөкшелікпен айналысқан нигериялық қылмыстық топтың құрамына кіретін 40 адамды қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыстық топтың 40 мүшесі құрықталды

Ірі операцияға Кальяри қаласындағы қаржы гвардиясы басқармасының 600-ге жуық қызметкері қатысқан. Хабарланғандай, қамауға алу және тінту Италияның бірнеше аймағында өткізілген.

«Ақшаны жымқырумен, заңсыз көші-қонға жәрдемдесумен, адам саудасымен, құлдықпен және адамдарды жезөкшелік мақсатта пайдаланумен айналысатын нигериялық қылмыстық ұйым жойылды», делінген қаржы гвардиясы таратқан хабарламада.

Тұтқындалған адамдардан бөлек, тергеуде «кең желінің» көптеген қатысушылары бар. Олар халықаралық деңгейде жеке бас бостандығына қарсы қылмыстардың іске асуына септескен. Бұл айыптау кезінде жазаны ауырлататын факторға айналады.

Операцияның мәні туралы Римдегі арнайы баспасөз мәслихатында егжей-тегжей айтылмақ. Оған ұйымдасқан қылмыс және терроризм істері жөніндегі ұлттық прокурор Федерико Кафиеро де Рао қатыспақ.