Коронавирус • 22 Қараша, 2021

Қазақстанда вакцина алған балалардың саны 20 мыңнан асты

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 20 381 бала вакцина алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда вакцина алған балалардың саны 20 мыңнан асты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде вакцина алған балалардың саны 20 мыңнан асқан. Ресми ақпаратқа сүйенсек, Pfizer екпесін ақысыз негізде 27 554 адам алған. Соның 20 381-і жасы 12-ден асқан жөсөспірімдер.

Одан бөлек 2 499 жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған. Сондай-ақ бала емізіп жүрген 4 674 ана Pfizer вакцинасын салғызған.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда халықты ревакциналау басталды. Науқан екі кезеңнен тұрады. Осыған дейін вакцинаның екі дозасын да салдырғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды.

Олар – медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ күш құрылымдарының қызметкерлері.