Мәліметтер бойынша туризмді де тұралатып тастаған індет алдында Түркияға 45,8 млн саяхатшы келіп, туристердің ең көп келетін елдер арасында алтыншы орынды алыпты. Біздің елімізден де жылына 400 мыңға жуық адам осында демалады екен.

Қай жағынан алып қарасаң да, Түркияның туризм орталығы болмауы мүмкін еместей көрінеді. Табиғаты жайлы, жылы. Елдің төрт жағында төрт теңіздің толқыны тулап жатыр. Қара теңіз, Мәрмәр мен Эгей теңіздері және Жерорта теңізінің жағалаулары да жан рақаты. Ежелгі тарихы мен өркениеттердің жасампаз мұрасы да осы елде тоғысқан. Жаһанның жеті ғажабының екеуі Артемида храмы мен Бодрумдағы Галикарнас мавзолейі – туризмнің алтын сандығы. Ежелгі Рим, ежелгі грек өркениетінің іздері осы топырақта жатыр. Оны бүгіндері туризмнің тамаша нысандарына айналдырып жіберген түріктердің іскерлігіне таң-тамаша қаласың. Әйтпесе, таудан қашалған будданың мүсіндерін жарып жіберген ауғандықтар да бір мұсылман баласы емес пе?!
Ең бастысы, бардың берекесін пайдалана білуде. Байқап отырсақ, түркітілдес елдердің арасында түркі тілін, мәдениетін дамытуда елшіліктерден де бөлек, бірнеше халықаралық ұйым еңбек етеді. Түрік кеңесі, ТИКА, ТҮРКСОЙ тағы басқа халықаралық ұйымдар мен бизнес-құрылымдардың тірліктері әртүрлі салаға лайықталған, алайда айналып келгенде барлығы да елдегі туризмнің дамуына атсалысады. Ер Түріктің абыройына қызмет етіп жатыр. Қалай риза болмассың.
Саясатты қоялық. Осыдан бірнеше жыл бұрын Осман империясының сұлтаны Сүлеймен туралы сериал шығарып, көптің назарын өзіне аударды. Әсем киносымен тарихын жаңғыртты. Туризмді дамытатын мәдениетті дәріптеуде бұл өте өтімді қадам болды. Теледидарын қосып қарасаң, әлемнің отыз тілінде сайрап тұр. Халыққа қызметінде кінәрат жоқ, көлік-қатынас құралдары күні-түні тынбастан сартылдап жүріп тұр. Кешегі індет кезінде де тез есін жия қойды. Енді туристер шоғырланып жүруге қорқатын болды, сол себепті шағын топқа арналған, оқшау демалғысы келетіндерге жағдай жасап үлгерді.
Табысы туристің қаражатына қатысты болса да, саяхатшылар келді деп, солардың жолында өзінің құндылығын тәрк етіп жатқан түрік жоқ. Еуропалықтардың нөпірі басса да, жағалауда, болмаса көшесінде, базарларында, музейлер мен басқа да демалыс орындарында ашық-шашық жүрген ешкім жоқ. Мешіттерге басын бүркеп, аяқ киімін шешіп кіруге де үйреткен. Бұлармен тіл табысу да қиынға түспейді, қызмет көрсету саласындағылардың бәрі ағылшынша, немісше, орысша да сайрап тұр. Бұл елдің туризмі қалай дамыды деген оймен интернет ақтарғаным бар. 1961 жылы немістермен екіжақты келісімге қол қойып, түрік жұмысшыларын шақырады. Сол екпінмен алды 7 мың түрік Германияға аттанады. Немістердің де бөтен елдің жерімен, мәдениетімен танысуға қызығушылық пайда болады. Алғашқы туристердің басым көпшілігі ФРГ-ден келгендер болыпты. 1972 жылы туристік фирмалардың қызметі туралы заң қабылданады. Араға он жыл салып туризмді дамытуға түбегейлі кіріседі. 1990 жылдары Кеңес Одағы құлағанда, оның құрамында болған елдердің де алдында жол ашылып, түрік тауарларының бәсі артады.
Мұның бәрін не үшін айтып отырмын. Індет алдында бір жарым айдай осы елде болған едім. Тағы да жолым түсті. Бір жағы білімімді көтеріп, екінші жағынан алғанда демалып та жатырмын.
Осының алдында шашымды алдырмақ болып, шаштаразға кіргенмін. Жергілікті тұрғындардың бірнешеуі де кезекте тұр екен. Менің бөтен жерлік екенімді біліп, «қонақсыз ғой» деп кезексіз жіберді. Демалыс болса да үйден қырық қадам ұзаған адам мүсәпір демекші, қарапайым жолаушы үшін алтын құмды жағалау, теңіздің асау толқындары мен сол теңіздің үстінде қалықтаған кемелер ғана емес, жай адамдардың ықыласы да көңілді көркейтеді.
Халықаралық тәжірибеге қарап отырсақ, туризмді дамыту үшін аса көп уақыт қажет емес сияқты. Ақылмен бағалай білсек, Қазақстанның да туристерді тартар жері жоқ емес. Тек табиғи байлығы емес, дәстүрін, әдет-салтын да туризм нысанына айналдыруға болады екен. Адамдары әрлі-бері саяхаттап, сапырылысып жатқан үлкен көштен қалып, саланы дамытуда кенжелеп қалуымыздың себебі неде деген сауалыма жауап іздеп жүрмін.
Амангелді Кеңшілікұлы
Алматы облысы Қарасай ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:12
Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы жаңа мешіттің ашылуына қатысады
Елбасы • Бүгін, 12:01
Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:42
Абай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері іріктелді
Аймақтар • Бүгін, 11:38
ШҚО-да қаңғыған ит-мысықтарды аулауға 150 млн теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 11:30
Дизельді заңсыз сатқан кәсіпкерге үкім шықты
Қоғам • Бүгін, 11:23
«Қазақстан халқына» қоры 2 мыңнан аса студентке білім грантын ұсынды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:54
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:47
Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
Хоккей • Бүгін, 10:38
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:30
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
Әлихан Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:02
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Бүгін, 09:52
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Бүгін, 09:45
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Бүгін, 09:35
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Бүгін, 09:22
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар