Өнер • 23 Қараша, 2021

Көңілдегі коллаждар

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы кітапханасының музейінде Суретшілер одағының мүшесі Гүлбарам Асқарованың «Ойлар жинағы» көрмесі ашылды. Бұл көрменің ерекшелігі – балалар ортасында жұмыс істейтін суретші-педагогтің шығармашылығында.

Көңілдегі коллаждар

Өз тәрбиеленушілерінің шы­ғармашылығын жасап, сезіне білу – кез келген елдің мәде­­ние­тіндегі дәстүрлер мен жаңа­шылдық сабақтас­тығының үз­діксіз желісін қалып­тастыруға мүмкіндік береді.

Көрмеде суретшінің «Кол­лаж» техникасында орындалған 40-қа жуық жұмысы ұсынылды. Коллаж – бұл сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі, онда суретші материалдардың гетерогенді бө­ліктерін негізге желімдеу ар­қылы арт-нысанды жасайды. Кол­лаж қызықты, өйткені ол фраг­­­менттермен, тұтас элемент­тер­мен жұмыс істейді, олар көбі­несе калейдоскоп сияқ­ты еріксіз үйлесімде үлкен су­рет­ке түсіп, жаңа мағына, жаңа ви­­зуалды құрылымдар қалып­тастырады.

«Бұл – менің алғашқы ма­ңыз­ды көрмем. Елбасы кітап­ха­насына, көркемсурет мекте­бі­­нің әкімшілігіне, мені әр­да­йым қолдаған мұғалімдерге алғы­сым­ды білдіремін. Бүгін сіз­дер көретін нәрсе – классика емес, бұл – «ойлар жинағын» көруге же­телейтін дүниелер. Кей­біреулер су­реттер арасынан өзде­рін көруі де мүм­кін», дейді суретші.