28 Ақпан, 2014

Бейбіт күн бәрінен бағалы

556 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Дүбірге толы дүние Smoke rises above Independence Square during anti-government protests in central Kiev February 19, 2014. Ukrainian President Viktor Yanukovich accused pro-European opposition leaders on Wednesday of trying to seize power by force after at least 26 people died in the worst violence since the former Soviet republic gained independence REUTERS/Viktor Gurniak (UKRAINE - Tags: POLITICS CIVIL UNREST CITYSCAPE TPX IMAGES OF THE DAY) Ukraine Protests 209 UKRAINE/ People walk near burning tires at the site of clashes of pro-European integration protesters with riot police in Kiev January 23, 2014. Ukrainian opposition leaders emerged from crisis talks with President Viktor Yanukovich on Wednesday saying he had failed to give concrete answers to their demands, and told their supporters on the streets to prepare for a police offensive.  REUTERS/David Mdzinarishvili  (UKRAINE - Tags: POLITICS CIVIL UNREST TPX IMAGES OF THE DAY)

БАРЛЫҚ ЕЛ АЛАҢДАП ОТЫР

Украинада болып жатқан оқиғалар мені қатты алаңдатты. Халық пен биліктің бірін-бірі сыйламауының, бір-бірінің сөздеріне, тілектеріне құлақ аспауының соңы осындай қан­төгіске әкелді. Барынша кеңпейілді, қонақжай Украина бір-ақ сәттің ішінде әлем қауымдастығына қауіп пен қатердің аймағы болып танылды. Елдегі тұрақсыздыққа басшылықтың саяси ерік-жігерінің жоқтығы, сонымен қатар, айтқан сөздері мен ісінің алшақтығы кінәлі болып отыр. Халықтың пікірімен са­нас­­­паудың, оны елемеудің ақыры осындай қырғынға соқтырды. Осы жерде қазақтың «бірлік бар жерде тірлік бар» деген даналығы ауызға оралады. Қазақстандықтар бірлігіне ешқашан сына қақтырған жоқ. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс саясаты, Қазақстанды қайтсе де алға апарамын, қайтсе де халқымды жақсы тұрмысқа жеткіземін деген ұлан-ғайыр еңбегі жағдай жасап отыр. Барлық халықтар да, барлық ұлттар да өз елдерінің іргесі сөгілмегенін, бірлігіне сызат түспегенін қалайды. Барлық халық та тыныш өмір сүріп, ұрпақ өсіргісі келеді. Президент Н.Назарбаевтың саясаты нақ осыны көздейді және тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қолын соған толық жеткізді. Мемлекет басшысының жалпыадамзаттық мәдениетке, төзімділікке баулыған ұлт саясатының арқасында Қазақстанның көп ұлысты халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып отыр. Бұл істе Қазақстан халқының Ассамблеясы секілді айрықша институттың да еңбегі зор. Ол Елбасының өзіне жүктеген міндеттерін абыроймен орындап, бүгінгі күні қазақстандықтардың түсіністікке бастайтын үнқатысу алаңы болып отыр. Надежда НЕСТЕРОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты.  

БЕРЕКЕ БАСЫ – БІРЛІК

 Қазақстан мен Украинаны жылылық пен ізгілік, достық қарым-қатынас байланыстырады. Елдеріміз тәуелсіздікке бір кезеңде қол жеткізді. Біздің ортақ тарихымыз, ортақ тағдырымыз болды. Алайда, бүгінде Украина өз тарихындағы қиын-қыстау күндерді бастан кешуде. Бұл орайда, біз бауырлас ел ретінде Украинада болып жатқан жағдайларға немқұрайлы қарамайтынымызды айтқымыз келеді. Себебі, қазіргі таңда Киевте, Украинаның өзге қалаларында болып жатқан жағдайлар ешкімді бейжай қалдыра алмайды. Кез келген елде, кез келген қоғамда тұрақтылықтан, келісім мен бейбітшіліктен асқан құндылық жоқ. Бұған Қазақстан жеріндегі 130-дан астам этнос өкілдерінің татулықта тіршілік кешіп, конфессиялардың өзара келісімде еңбек етіп жатқаны – айқын дәлел. Бұл орайда, Украинада болып жатқан жағдайларды саясиландырудан аулақпыз. Бірақ та, дүниежүзінде тұрақтылық пен тыныштық орнаған мемлекет қана ілгері дамып, экономикасын да, әлеуметтік әлеуетін де нығайта алатынын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Мен күш көрсетудің кез келген түріне және мемлекеттегі жағдайды ушықтыруға түбегейлі қарсымын. Бұл қоғамды түрлі қарама-қайшылықтарға ұрындыруы мүмкін. Украинада орын алған жағдайлар кезінде қаншама бейбіт тұрғынның өмірлері қиылды, қаншама азамат зардап шекті. Сонда мұндай қарама-қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуге болмас па еді? Біз бұл ретте, күш қолданудың, шиеленіс пен тәртіпсіздіктердің өрістеуі елді саяси дағдарыстан алып шыға алмайтынын түсінуіміз керек. Сондықтан, Қазақстанның әрбір азаматы еліміздегі бейбіт өмірдің, достық пен бірліктің, келісім мен сыйластықтың, татулық пен тыныштықтың қадірін жете түсінуі, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды үйлестіретін институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін айрықша бағалауы керек деп санаймын. Тамара ШИРМЕР, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.  

ТІЛЕЙТІНІМІЗ – ТЫНЫШТЫҚ

Соңғы апталардағы Украинадағы саяси жағдай украин халқымен бірге, қазақстандықтарды да алаңдатып отыр. Қақтығыстар кезінде қаза тапқан және жараланған адамдарды, сондай-ақ, бір-біріне өшпенділікпен қарсы тұрған топтарды көргенде, бейбітшілікте, ынтымақ пен бірлікте өмір сүргеннің бәрінен де қымбат, ерекше екендігін шынайы сезінеді екенсің. Осындайда Президентіміздің әуел бастан-ақ халық бірлігін, этносаралық достық мәселесін алғашқы орындардың біріне қойып, сол бағыттағы өміршең бастамалары мен игі істері есімізге түседі, көз алдымызға келеді. Бүгінде қазақстандықтардың барлығы Елбасымыздың қиын кезеңдерде қолға алған, оларды ойдағыдай жүзеге асырған саясатының нәтижесін көріп, куә болып отыр. Демократиялық реформаларды тереңнен ойластырып, жан-жақты зерттеп барып жүргізбесе өте қиын. Оның соңы ауыр зардаптарға соқтырғаны жөніндегі мысалдар жеткілікті. Оған көршіміз Қырғызстандағы бірнеше рет қайталанған төңкерістер мен жанжалдар дәлел болады. Бұған, сондай-ақ, Украинадағы адам өліміне соқтырған қақтығыстарды қосар едік. Киевте басталған қорқынышты әрекеттер қазіргі кезде Қырым автономиялық республикасын шарпып отыр. Осындай жағдайлар Украинаның экономикасын құлдыратып жіберді. Ел дефолт алдында тұр деген сөздер де айтылуда. Оның зардабы қа­ра­пайым халықтың мойнына түседі. Біз Украинада тұрақ­ты­лықтың орнауын тілейміз. Саяси тұрақсыздық елді өсір­мейді, қайта өшіреді дегіміз келеді. Шерзод ПУЛАТОВ, Астана қаласындағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы.