Елбасы • 23 Қараша, 2021

Назарбаев Nur Otan партиясындағы өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

1041 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының Төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Назарбаев Nur Otan партиясындағы өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

«Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті. Өкілеттіктерді беру рәсімі партияның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады», деп жазды Айдос Үкібай.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойғаны хабарланған болатын.