Қоғам • 23 Қараша, 2021

22 мың нысан мүгедектерге қолжетімді болады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылға қарай елімізде 22 мың нысан мүгедекті жандардың кіріп-шығуына ыңғайлы болады. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

22 мың нысан мүгедектерге қолжетімді болады

Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында (inva.gov.kz) өңірлер тұрғысында Нысандардың қолжетімділігі картасы жұмыс істеп тұр. Онда ел бойынша 35 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының мүгедек жандарға бейімделуі туралы мәліметтер қамтылған. Аталған нысандар қолжетімділіктің 3 санатына бөлінген: қолжетімді, ішінара қолжетімді, қолжетімді емес. Қолжетімділік мүгедектігі бар 4 санатына қатысты қарастырылған.

Атап айтқанда, адам ағзасы функцияларының бұзылу сипаты, есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар және тек кресло-арбалармен жүріп-тұру мүмкіндігі бар адамдарға ескерілген.

«2025 жылға дейінгі кезеңде 22 мың нысан ең басым болып белгіленді. Бұл бірінші кезекте - мемлекеттік мекемелер, ХҚКО, емханалар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандары сияқты мүгедектігі бар адамдар жиі баратын нысандар», деді Анархан Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50