Ақбақай аты аталса, елдің есіне оның алтындары түседі. Ал сол алтын алтын күйінде қалай келетініне былайғы жұрт онша бас ауырта бермейміз. Шындығында, ол орасан зор еңбек пен білімді, оған қоса жылдар бойғы тәжірибені талап етеді. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында орналасқан әйгілі «Ақбақай» кен орнының аты кешегі Кеңес кезеңінде дүркіреп шықса, бүгіндері де саптыаяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді дегендей, шама-шарқынша жұмыс істеп келеді. Аймақтың қиыр шетіндегі Ақбақай кентін жергілікті халық қатты сүйеді десек артық айтқандық болмас. Оған сол кен орнына саналы ғұмырын арнаған мамандарды қосыңыз. Оның ішінде ұшқан құс пен жүгірген аңды ілуде бір кездестіретін осы бір сырға толы сайын далада мамандығын мақтаныш тұтқан нәзік жанды арулар да бар. Солардың қатарында «Алтын Алмас» АҚ Ақбақай филиалы Алтын айыру фабрикасының инженер-технологтары Дәметкен Төлегенова мен Алмаш Дегербаева да бар.
Қос бұрымдының бұл жерде қызмет етіп келе жатқандарына он бес жылдан астам уақыт болыпты. Технолог мамандығының жоғары білімін алғаннан бері арулар өз саласында жемісті еңбек етіп келеді. Бұл екеуін де саладан бөле-жара қарай алмайсыз. Екеуі де қарапайым жұмысшы жас маман болып бастап, фабриканың барлық салаларын көрген кәнігі мамандар. Мамандықтарын шексіз сүйген олар өздерін өзге жұмыстарда елестетіп те көрмеген.
«Мен саналы ғұмырымды өз мамандығыма арнасам, ол осы Ақбақаймен тығыз байланысты. Рас, алғашында бұл жерде қиыншылықтар кездесті. Әлі де жұмыс болған соң арагідік шығып қалады. Оның барлығына да шыдам мен жұмысқа деген ерекше ынта керек. Сонда ғана ісің алға басып, береке кіреді», дейді Дәметкен апай. Ал, Алмаш болса, әріптесінің сөзіне қосып-аларым жоқ деп күлімсірейді.
Кейде ауысым сайын, кейде тәулік бойы бастарынан каска түспейтін нәзік жандар үнемі қызу жұмыста жүреді. Облыс немесе аудан орталықтарынан ынталанса осыншама жылдық мол тәжірибемен жайлы жұмыс тауып алатындарына біз сенімді болсақ та, олар оны тіпті ойларына да алып көрмеген. Осы бір қиындығы мен қызығы қатар жүрген қауырт жұмыстарын өзгесіне әсте де айырбастамайды. Оны мамандардың мамандықтарына деген әр жылы сөздерінен аңғарғандаймыз.
Алтынды кеннен айыруда инженер-технологтардың атқарар жұмыстары ауқымды. Саланың сан-салалы мамандары жұмыла көтерген жүктің бір шетін ұстауда кейіпкерлеріміз секілді инженер-технологтар еңбектері ұшан-теңіз. Өздерін фабрикаға кірпіш болып қаланғандарын бақытқа балайтындықтары да осыдан шығар олардың.
Жұмыстарын аса бір ыждағаттылықпен беріле жасап жүрген жандарды көргенде бақыттың ең үлкені де осы ма дерсің. Отбасында аяулы жар, ардақты ана болып, ұл-қыз тәрбиелеп отырған қос ананың мамандығынан береке тауып отырғаны кейінгі буынға үлгі-өнеге. Біздегі ой да осыған саяды.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20