
Өткен аптада америкалық Дастин Лонгты ұпай санымен жеңген қазақ боксшысы рейтингте 23 сатыға жоғарылады. «Панда» деген лақап атымен танылған қазақ оғланы бұған дейін өз салмағында 113 орында тұрса, енді 90 орынға көтерілді. Серік Мұсаділов соңғы екі жекпе-жегінде қарсыластарын тек ұпай санымен ұтып келеді. Ол оған дейінгі тоғыз шайқасын мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.