Тәуелсіздіктің отыз жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп өткізген «Алматы − Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты егемен ел шежіресін баяндаған көрме ашылды.

Мазмұнды іс-шара Елбасы кітапханасының «Қазақстан жолы» жобасы аясында ұйымдастырылған, оның мақсаты – азаттықтың алғашқы арайлы таңын қарсы алған Алатаудың етегіндегі әсем шаһардың орны мен рөлін жарқырата көрсету.
Айтулы көрменің ашылуында Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат азаттықтың алтын бесігіне айналған – Алматының көркем келбеті мен рөлі туралы салмақты сөз қозғады. «Дәл осыдан 30 жыл бұрын Алматыда 1991 жылы 1 желтоқсанда – Президент сайлауы, 10 желтоқсанда – Мемлекет басшысының ресми ұлықтау рәсімі және 16 желтоқсанда – Қазақстан Тәуелсіздігін жариялап, дербес еліміздің негізі қаланды» деді ол.
Одан кейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көрмеге ұсынылған экспозициялар мегаполистің Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығындағы жетістіктеріне арналғанын атап өтті.
− Ару Алматының еліміздегі орны бөлек, оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі белгілеп берген. Тәуелсіздігіміз алдымен Алматыда жарияланды. Мемлекетімізді бүгінге даму деңгейіне жеткізген – экономикалық-әлеуметтік, саяси реформалардың бәрі Алматыдан басталды. Елбасының шешімімен ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Бірақ бұдан Алматы ұтылған жоқ. Тұңғыш Президентіміздің қолдауымен Алматының жаңа мәртебесі бойынша заң қабылданды» дей келіп, азаттық жылдарындағы табиғаты көркем қаланың экономикасына тоқталды. Мәселен, алып шаһардың экономикасы 1993 жылдағы 2,1 млрд теңгеден 2020 жылы 13,5 трлн теңгеге дейін өссе, жалпы өңірлік өнім жан басына шаққанда 342,5 АҚШ долларынан 16,7 мың АҚШ долларына дейін артқан. Халық саны 1991 жылғы 1 134 мың адамнан 2021 жылы 2 млн адамға дейін көбейген.
Егемен елдің жүріп өткен жолын баян еткен көрме үш бөлімнен тұрады, біріншісі − «Тәуелсіздіктің бастауында» деп аталады, оған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен 1991-1997 жылдардағы оқиғалар хроникасы, сондай-ақ Алматы қаласында қабылданған маңызды тарихи шешімдер туралы материалдар кешені ұсынылған. Ал «Қазақстан жолы: Алматының 30 жылдағы жетістіктері» бөлімінде мегаполистің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени және спорт жетістіктерімен танысасыз. Үшінші – «Біздің болашағымыз: Алматы-2050 стратегиясы» бөлімінде, «Алматы – шетсіз қала», «ақылды» қала, тең мүмкіндіктер қаласы, қауіпсіз, жасыл қала және жаһандық іскерлік орталық секілді шырайлы шаһардың ұзақ мерзімді дамуының басты бағдарлары мен стратегиялық басымдықтары көрсетілген.
Мәдени шараға Алматыдан зиялы қауым өкілдері де арнайы келіпті, солардың ішінен белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет ағамызды сөзге тарттық.
− Егер біз Қазақстан дейтін Отанымызды қыранға теңесек, оның қонып-ұшатын тұғыры – Алматы. Егер біз Қазақстанды тұлғалы қайраткерге теңейтін болсақ, оның алғашқы дүниеге шыр етіп келгендегі алтын бесігі – Алматы. Егер біз Қазақстанды арынды, асау толқынды өзенге теңейтін болсақ, оның тұнық бастауы, қайнар көзі тағы да Алматы деп айтуға болады. Бұл біздің мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өсіп-өнген, дамуы мен қалыптасуына аналық құшағын ашқан игілікті мекен болды» деп шежірелі шаһар туралы парасатты ой толғады.
Айта кетейік, көрме алдағы жылдың 28 қаңтарына дейін жалғасады.
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Әскери қызметші қарт кісіні өрттен құтқарып қалды
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Экономика • Кеше
Ақтөбеде қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті
Аймақтар • Кеше
5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды
Қазақстан • Кеше
Атырау облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Қазақстан • Кеше
Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты
Экономика • Кеше
Таразда 19 жастағы қыз биік ғимараттан секіріп кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Кеше
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Кеше
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Кеше
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2023
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Бокстан АЧ: Әскер боксшылары «алтын» және «қола» жүлде алды
Бокс • 27 Қаңтар, 2023
Сенатта мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері талқыланды
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 27 Қаңтар, 2023
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • 27 Қаңтар, 2023
СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасына 190 квота бөлінді
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
«ҚазМұнайГаз» шетелдік активтерінің тиімділігін арттырады
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Ұқсас жаңалықтар