Аймақтар • 24 Қараша, 2021

Павлодар облысында екі жаяу жүргіншіні көлік қақты

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында екі жаяу жүргіншіні көлік қақты

«Павлодар қаласында 26 жастағы «Ауди 80» автокөлігінің жүргізушісі қозғалыс жылдамдығын асырып, 1979 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол жолдың жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан», деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, апат салдарынан жаяу жүргінші жарақат алған. Көлік арнайы айып тұрағына қамалды, тексеру жүргізілуде.

«Екібастұз қаласында Абай көшесіндегі мектепке қарама-қарсы жолда «ВАЗ 21063» автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 1950 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолдың жүріс бөлігін кесіп өтті», деп түсіндірді департамент екінші оқиға жайлы.

Нәтижесінде жарақат алған зейнеткер ауруханаға жеткізілді, ал көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіледі.