28 Ақпан, 2014

Кеңес отырысы өтті

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті. Отырыста «Құқықтық актiлер туралы» заң жобасының негізгі қағидалары, сондай-ақ, түрмедегі адам­дардың санын азайту жөнін­дегі ұйымдастырушылық-құқықтық шаралары қарастырылды. Аталған мәселелер бойынша Әділет министрлігінің және Бас прокуратураның ақпараты тыңдалды. Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары уәкілетті мемлекеттік органдарының заң жобалау жұмысы және құқық қолдану қызметі барысында ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.