Кәсіпқой бокс • 24 Қараша, 2021

Сарапшылар Әлімханұлы мен Кроуфордтың техникасынан ұқсастық іздеді

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік «Бокс-баршаға» («Всем бокс») Youtube-арнасының жетекшілері қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен жартылай орта салмақтағы әлем үздігі Теренс Кроуфордтың техникасынан ұқсастық іздеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшылар Әлімханұлы мен Кроуфордтың техникасынан ұқсастық іздеді

«Жәнібек Әлімханұлы мен Теренс Кроуфордтың жақын қашықтықта жұдырықтасу мәнері мен қорғанысында біршама ұқсастықтар бар. Жәнібек Нжикамға қарсы шайқаста көбінесе сериялық шабуылдарға иек артты. Тек Теренс жақын қашықтықта қапталдан соққыларды көп жұмсаған жоқ. Айырмашылық сол ғана», дейді арна жетекшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек соңғы кездесуінде француз Хассан Нжикамды, Кроуфорд Шон Портерді жеңген болатын.