Елордада түрлі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен адамдарға жедел жәрдем көрсету мақсатында арнайы бекеттер ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Рәтбек Демеуберген мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елордада қыстыгүні төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер үшін 13 уақытша орналастыру бекеті ашылып, онда 1800 төсек-орын дайындалды. Кейде төтенше жағдай кезінде адамға шұғыл көмек көрсету керек болады. Ал жәдел жәрдем келіп, зардап шегушіні ауруханаға жеткізем дегенше уақыт жоғалтып алады. Осы орайда қала аумағы мен маңайында арнайы жедел бекет қызметін іске қосып отырмыз», деді Рәтбек Демеуберген елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, адамдар қыстыгүні жиі тап болатын төтенше жағдай түріне ауа райы қолайсыздығынан жолда қалу және жұқа мұз үстінде шығу жатады.
«Жыл сайын жұқа мұз кезеңінде әсіресе күз бен қыстың арасында оқыс оқиғалар жиі болады. Ересек адамдар толық қатпаған мұз айдындарына көбінесе балық аулауға барса, ал балалар қызық қуып, сырғанау үшін барады. Сондықтан да ата-аналар балаға сақ болуы қажет. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шығып кететін адамдардың да қатары аз емес. Өз кезегімізде күн райы нашарлаған кезде көрші Ақмола, Павлодар, Карағанды, Қостанай және СҚО-ның төтенше жағдайлар департаментімен тұрғындарды уақтылы хабардар етіп, қауіптің алдын алу шарасын бірлесіп атқарамыз», дейді ол.
Одан бөлек, басқарма басшысы халық арасында қауіпсіздік шарасын түсіндіру жұмысының жүргізілгенін айтты.
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді
Оқиға • Кеше
Alibaba желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар