Технология • 24 Қараша, 2021

«ТРИНТА» ЖҚ ауылдықтар үшін Kenes мобильді қосымшасын әзірледі

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауылдық елді мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасын іске асыру шеңберінде «ТРИНТА» ЖҚ Android платформасына арналған Kenes мобильді қосымшасын әзірледі, деп жазады Egemen.kz.

«ТРИНТА» ЖҚ ауылдықтар үшін Kenes мобильді қосымшасын әзірледі

Қосымшада адамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси, азаматтық құқықтары және қоғамдық мүдделері туралы ақпарат жинақталған. Сондай-ақ, оның көмегімен қоғамдық мүддені іске асыру, кеңес алу және шағымдану мүмкіндіктері туралы, мәселен call-орталықтар, телефондар, сілтемелер және өзге де ақпараттарды білуге болады.

Қосымшада заңгерлердің тегін көмегін алу мүмкіндіктері егжей-тегжейлі сипатталған.

Қосымша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әзірленді.

Жаңа қосымшаны https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.zubr.kenes сілтемесі арқылы жүктеуге болады.