Аймақтар • 24 Қараша, 2021

«Екатеринбор-Алматы» тас жолында апаттан екі адам көз жұмды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысындағы «Екатеринбор-Алматы» тасжолында екі жеңіл автокөлік бетпе бет соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Екатеринбор-Алматы» тас жолында апаттан екі адам көз жұмды

Ведомствоның мәліметінше, 23 қарашада сағат 00:10-де Жақсы аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Перекатное станциясының тұсында, «Екатеринбор-Алматы» автожолының 967 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар келді.

Анықталғандай, Қостанай қаласы бағытында жүріп бара жатқан «Hyundai Sоlaris» автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, қарсы бағытта келе жатқан «Audi В-4» көлігімен бетпе бет соқтығысты.

Жол апаты салдарынан «Hyundai Sоlaris» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал, Атбасар қаласының тұрғыны басқарған «Audi В-4» көлігінің 59 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ, «Hyundai Sоlaris» көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

«Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының 4-ші бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», деп қосты ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:45