Аймақтар • 24 Қараша, 2021

1 миллиард теңгені шетелге заңсыз шығарған директор сотталды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Агенттіктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Монтаж-01» ЖШС директорының Қытай Халық Республикасына 2,9 млн астам АҚШ долларын (1 млрд 200 млн теңгеден астам) шығару бойынша заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 миллиард теңгені шетелге заңсыз шығарған директор сотталды

ҚХР тумасы Цуй Цуньде «Монтаж-01» ЖШС-нің Атырау филиалы атынан «Beijing True Fortune International Trading Co., LTD» компаниясымен «Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысы» бойынша техникалық кеңес беру қызметтерін көрсетуге жалған мәміле жасады.

Бұл ретте, консультациялық қызметтер қажет болмаған және көрсетілмеген.

Цуй Цуньдеге 1,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.