Алматы облысында шағын және орта бизнес саласының дамуы қарқынды. Мұның бір дәлелін осы салада 270 мыңдай адамның еңбек етіп отырғанынан көруге болады. Ал жалпы облыста 128 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді.

Нәтижесінде, өткен 9 айда бюджетке 144 млрд теңге түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,8 есе артық. Қолданыстағы бағдарламалар аясында 3 мыңнан астам кәсіпкерге 26 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Ал «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы ауылдағы ағайынның кәсіп ашып, ісін ілгерілетуге ерекше ықпал етіп отыр деуге болады.
– Биыл «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы бойынша 3,1 мыңнан аса жұмыссыз және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер білім алды. Өткен жылдары аяқтағандарды ескере отырып, жоба бойынша оқытылғандардың ішінен 1 600 шамасындағы бизнес-жобаға мемлекеттік бағдарламалар аясында гранттық қаржыландыру жасалып, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие берілді, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева.
«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасына қатысып, өз ісін бастауға қол жеткізген жанның бірі – Назгүл Ақжолтаева. Ол мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жартылай фабрикаттар шығаратын шағын цех ашты. Іскер жан бүгінде Қапшағай қаласының маңындағы Шеңгелді ауылының бес мың тұрғынын өз өнімімен қамтамасыз етіп отыр. Назгүл Ақжолтаева мамандығы бойынша педагог, алайда осыған дейін онлайн-бизнеспен айналысып келді. Жеке ісін дүкен ашудан бастағысы келгенімен, кейін өнім шығару бағытына бет бұрды. Осылайша Назгүл торттар, бәліштер пісіре бастады, жемістерден гүл шоқтарын жинап, сатты. Өндірісті одан әрі дамытуға облыстық кәсіпкерлер палатасы Қапшағай қалалық филиалының мамандары қолдау көрсетті. Жас кәсіпкерге «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша жобаға қатысып, кейін қайтарымсыз грант алуға өтінім беру ұсынылды.
– «Бастау Бизнес» курсына қатыса отырып, өңірімізге қажетті тауарлар нарығын зерттеп, талдау жасадым. Тұрғындардан үйде дайындалған, консерванттарсыз, мұздатылған жартылай фабрикаттарға сұраныс бар деген пікірге келдім. Осылайша мемлекеттік қолдау арқылы шағын цех аштым, енді өз дүкенімді ашу үшін жұмыс істеп жатырмын, – дейді өзінің кәсіпкерлікті меңгеру туралы сырымен бөліскен Назгүл.
«Еңбек» бағдарламасы аясында Назгүл Ақжолтаева 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грантқа қол жеткізіп, қаражатқа жартылай фабрикаттар шығаратын цех үшін жабдық сатып алды. Цехта тұшпараның үш түрі, варениктің үш түрі, котлеттер, қырыққабат орамы, мәнті, хинкали, самса, толтырылған бұрыш жасалады. Ай сайын Damdi Alem брендімен 120 кг өнім шығарылады.
– Тұшпараны және басқа да өнімдерді қамыр мен тартылған ет сапасын жоғалтпай, химиялық қоспаларсыз қолымызбен жасаймыз. Сатып алушыларымызға сақтау мерзімі аз мұздатылған өнімдерді ұсынамыз. Тұрғындар арасында көкөніс шырындарынан түрлі-түсті тұшпара ерекше сұранысқа ие. Қазір менімен бірге екі адам жұмыс істейді. Келесі жылы өнім ассортиментін кеңейтіп, жеке дүкенімді ашуды жоспарлап отырмын, – деді жас кәсіпкер.
Алматы облысы
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:40
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Ташкентте коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталықтар қайта ашыла бастады
Әлем • Бүгін, 18:46
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:39
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:33
Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:38
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:31
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар