Коронавирус • 25 Қараша, 2021

Өткен тәулікте коронавирустан 19 адам қайтыс болды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 19 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте коронавирустан 19 адам қайтыс болды

24 қарашада ПТР сараптамасында (КВИ+) расталған коронавирустан 19 адам қайтыс болды. Коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар болған жоқ.

25 қарашадағы мәлімет бойынша, 28 106 адам коронавирус инфекциясынан (-24 235+ және 3 871 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

5 879 пациент стационарда,
22 227 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

444 адамның жағдайы ауыр,
117 пациенттің жағдайы өте ауыр,
76 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, 24 қарашадағы коронавирус инфекциясының белгілері бар 946 жағдай тіркелді. Ң