Қазақстан • 25 Қараша, 2021

Түркістанда «Назарбаев моделі»: түркі әлеміне бағытталған интеграция жолы» атты халықаралық конференция өтеді

612 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осы жылдың 26-27 қарашасы аралығында Түркістанда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым кеңесі мен А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «Назарбаев моделі»: түркі әлеміне бағытталған интеграция жолы» атты халықаралық конференция өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда «Назарбаев моделі»: түркі әлеміне бағытталған интеграция жолы» атты халықаралық конференция өтеді

Спикерлер екі күн бойы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігін алудағы, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім үлгісін нығайтудағы рөлі және түркі халықтарының интеграциясы тақырыбын талқылайды.

Шараға мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тарихшылар, саясаттанушылар, жас ғалымдар қатысады.

 Конференция тақырыптарының арасында:

  • Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлемінің интеграциясындағы рөлі;
  • этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің қазіргі жағдайы;
  • Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық даму перспективасы;
  • Қазақстанның Орталық Азиядағы және халықаралық аренадағы мәртебесін көтеру;
  • Қазақстан экономикасының дамуы, инвестиция тарту, елдің қаржылық тұрақтылығы;
  • Қазақстанның цифрландыру жағдайындағы ақпараттық қауіпсіздігі;
  • мәдени әртүрлілік, ұлттың ұлттық ерекшелігі мен халықтың образы және т.б.

Конференция «Нұрсұлтан Назарбаев – түркі интеграциясының сәулетшісі» пленарлық отырысымен ашылады. Түрік Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Зухту Арслан, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әміреев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан халқы  Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Жанар Темірбекова пленарлық отырыста спикер болады.

Сессия модераторы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының Қазақстан Республикасынан мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов болады.

Конференция бағдарламасы «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» және «Назарбаев моделі»: түркі әлемінің 2040 жылдағы көрінісі» атты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Соңғы дөңгелек үстел барысында 2021 жылы 12 қарашада Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің VIII саммитінің қорытындылары талқыланады.

Сонымен қатар, конференция аясында Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым кеңесінің өкілдері студенттер мен жас ғалымдарға арналған Қордың байқаулары мен бағдарламалары туралы семинар өткізеді. Семинарға қатысушыларға гранттар мен стипендияларды тағайындау байқауларының талаптары мен ережелері туралы егжей-тегжейлі айтады. Өтінімдерді толтыру кезінде жиі кездесетін қателерге назар аударады, жобаны әзірлеу бойынша ұсыныстар береді.

 Конференция трансляциясына сілтемелер:

1 күні

 2 күн