Медицина • 25 Қараша, 2021

Түркістан облысында 50-ге жуық қызметкер ревакцинациялаудан өтті

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында қайта екпе егу науқаны басталды. Вакцинаны бұған дейін салдырған 47 дәрігер отандық «QazVac» екпесін қайта қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында 50-ге жуық қызметкер ревакцинациялаудан өтті

Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халаттылар үшін COVID-19 инфекциясынан қорғану маңызды болып саналды. Ревакцинация бір ғана дозамен жүргізіледі.

Сонымен қатар алдында «HayatVax», «QazVac», «CoronaVac», «Синофарм» вакциналарын салдырғандар араға 6 ай уақыт өткенде және «Спутник V» вакцинасын салдырғандар арада 9 ай уақыт өткен соң вакцинаның кез келген басқа түрін қабылдауларына болады. Сала мамандары сондай-ақ, ревакцинация 60 жастан асқан адамдарға да жүргізілетінін айтады.

Айта кетейік, аймақта вакцина қабылдауға жататын азаматтардың 97 пайызы алғашқы компонентін, 92 пайызы екінші компонентін қабылдаған.