Биыл барлығы 37 ойыншы осындай мол олжаға кенелген екен. Солардың арасында Новак Джокович жеке-дара көш бастап тұр. Бұл күндері әлемнің бірінші ракеткасының корттағы табысы 9,1 млн долларды құрайды. Сондай-ақ «ТОП-10» ойыншының қатарына мыналар еніп отыр: Даниил Медведев – 7,5 млн, Александр Зверев – 6,4 млн, Стефанос Циципас – 3,6 млн, Андрей Рублев – 3,3 млн, Маттео Берреттини – 3,2 млн, Кэмерон Норри – 2,6 млн, Каспер Рууд – 2,3 млн, Хуберт Хуркач – 2,3 млн және Янник Синнер – 2,2 млн.
Мол олжаға кенелген теннисшілер тізімінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те бар.