Қызылорда облысында «Бушара» түрік компаниясының басшылары сотталды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
Аталған аймақтағы аспалы көпірді салуды міндетіне алған «Бушара» түрік компаниясы жалған құжат дайындап, мемлекетке 18 млн.теңгеден аса шығын келтірген. Сол жалған құжатта бұл нысанның мерзімінен бұрын салынғаны көрсетілген екен. Алайда, тексеру кезінде аспалы көпір құрылысының аяқталмағаны, оған сапасыз материал пайдаланғаны анықталды. Осы келеңсіздікке тікелей кінәлі Зия Метин мен Кетен Ердоған сот үкімімен 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сондай-ақ, жалған мәліметтер енгізілген ресми құжаттарға қол қойған техникалық қадағалау мекемесінің бас маманы Аппазов та шартты түрде 5 жылға сотталды.
Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің аға тергеушісі Руслан Мұсабековтің айтуынша, облыстық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы және оның орынбасары мен бас маманы да жоғарыдағы құрылыстың сапасына кінәлі болған. Бірақ, бұлар рақымшылық заңына сәйкес, жазаға тартылмаған екен.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Астана» телеарнасы.
Фото: «Хабар» телеарнасы.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026