Кәсіпқой бокс • 26 Қараша, 2021

«Канелоның» командасы Головкинмен трилогия бойынша келіссөздер бастамақ

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық былғары қолғап шебері Сауль Альварестің командасы отандасымыз Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекті өткізу мәселесі бойынша келіссөздерді бастауға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Канелоның» командасы Головкинмен трилогия бойынша келіссөздер бастамақ

Бұл туралы мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо мәлімдеді. Ол қазақ боксшысы жапониялық Риота Муратамен кездесу өткізгеннен кейін келіссөздерді жедел бастап кетуге құлшыныс танытып отыр.

«Мен Сауль мен Геннадий арасындағы үшінші жекпе-жек Мексикада өткенін қалаймын. Мехико немесе Гвадалахар қаласында ұйымдастыруға болады. Трилогия Мексика төрінде аяқталуы тиіс. Осындай мүмкіндік болатынына сенгім келеді. Головкиннің не айтатынын уақыт көрсетеді. Ол үшін Гена Муратаны жеңуі керек. Жекпе-жектен кейін трилогияны қалай ұйымдастыратынымызды ақылдасамыз. Әрине, келіссөз оңайға соқпайды. Бірақ барынша тырысып көреміз», деді ол.