Экономика • 26 Қараша, 2021

Қазақстандықтардың БЖЗҚ қызметтеріне сұранысы екі есе артқан

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы жылдың тоғыз айында салымшыларына 33,5 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,2%-ға көп, деп хабарлайды Egemen.kz «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың БЖЗҚ қызметтеріне сұранысы екі есе артқан

Қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта көрсетіледі. Салымшыларға 24,5 миллионнан астам онлайн-қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 73,2%-н құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер екі есеге дерлік (былтыр он айдың ішінде Қор салымшылары қашықтан 14,5 млн жуық қызмет алды) өсті. 

БЖЗҚ сайты мен ұялы байланыс телефонындағы қосымшада орналасқан Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез келген жерде ала алады. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.

«Автоматты форматта (мәлімдемесіз өтініштер) 5,7 миллиондай қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 17,4% тең. Мысалы, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесінде бірінші жарна келіп түскен кезде автоматты түрде ашылады», делінген таратылған ақпаратта.