«Жалғас Жұмағұлов уақытында мықты спортшы болғаны рас. Бірақ қазір қатардағы жауынгерлердің бірі. Бұл шайқас ол үшін ең ауыр сынақтың бірі болатыны даусыз. Мен оған қарағанда жаспын, жылдаммын, көптеген қарсыласымды мерзімінен бұрын жеңгенмін. Ең бастысы мен толық бес раундты еркін өткізе аламын. Ал Жалғастың қуаты толық үш раундқа жететініне күмәнмен қараймын. Ол екінші раундтың өзінде-ақ жылдамдығын жоғалта бастайтынын жекпе-жектерінен байқадым. Қарсыластарын жылдам құлатқысы келгенімен, онысынан түк өнбейді. Бұл кездесу – менің мансабымдағы ең жеңіл жекпе-жек», дейді Манель Капе.
Капенің өз ойы мен жоспары бар. Алайда қазақ жанкүйерлері Жалғастың жеңіске жететініне сенеді.