Әлем • 26 Қараша, 2021

Өзбекстандықтардың 80%-ға жуығы вакцинаның бірінші дозасын алды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда 18 жастан асқан халықтың 80 пайызға жуығы коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстандықтардың 80%-ға жуығы вакцинаның бірінші дозасын алды

ӨР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша бүгінгі таңда елде вакцинаның 32 803 308 дозасы пайдаланылды, соның ішінде 17 098 127 адам бірінші доза алса, екінші және үшінші (Қытай мен Өзбекстан бірлесіп шығарған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының үш дозасы салынады) компонентімен тиісінше 10 360 453 және 5 344 728 өзбекстандық егілген.

«Бірінші доза алғандар көрсеткіші елдің екпе салдыратын ересек халқының 79,7 процентін құрайды», деп хабарлады ӨР Денсаулық сақтау министрлігінен.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда екпе салдыру науқаны 1 сәуірде басталды. Вакцинация барысында алты препарат қолданылуда: AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, «Спутник-V», Moderna, Pfizer және Sinovac. Республикада 3 тамызда жұмыс істейтін халықты мндетті вакциналау туралы заң қабылданды.