Аймақтар • 26 Қараша, 2021

Алматыда көліктің үстіне ағаш құлады

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының орталығында алып ағаш автокөліктің үстіне құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда көліктің үстіне ағаш құлады

Оқиға бейнеленген видематериал әлеуметтік желіде тарап жүр. Бейнежазбадан алып ағаш жеңіл көліктің үстіне құлағанын көруге болады.

Оқиға 26 қарашада Гоголь мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болған. Қалалық ТЖ департаментінің мәліметінше, түскі сағат 13:19-да Медеу ауданының полицейлерінен хабарлама түскен.

«ТЖД-ға Медеу аудандық полиция басқармасынан Қалдаяқов көшесі, 28-үйдің жанында «Киа RIO» маркалы автокөлігіне ағаш құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Алматы қаласы әкімінің аппараты, «Алматы Тазалық» ЖШС, 109 құтқару қызметінің мамандары дереу жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жолдың жүру бөлігін тазарту жұмыстары аяқталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп түсіндірді ведомство өкілдері.