Оқиға • 26 Қараша, 2021

Көкөніс сатып алмақ болған екібастұздық 4 млн теңгесінен айырылды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкөніс сатып алмақ болған екібастұздық 4 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкөніс сатып алмақ болған екібастұздық 4 млн теңгесінен айырылды

Павлодар қаласының полициясына Екібастұз қаласының 31 жастағы тұрғыны жүгінді, ол алаяқтардың кезекті құрбаны болды.

«Танымал сайттардың бірінен ер адам картоптың ірі партиясын сатамын деген хабарландыруды көрген. Оған көлемі мен бағасы ұнағандықтан, ол көкөністерді қолайлы бағамен сатып алғысы келіп, сатушымен байланысқа шыққан. «Сатушының» өзі қарым-қатынасқа ынталы болады, тұрғынға алдын ала төлем ретінде және жеткізгені үшін 4 млн теңге аударуға көндіреді. Ер адам осы шарттарға келісіп, оның картасына ақшаны аударып, күтеді, бірақ белгіленген күні картоп жеткізілмеді, ал «сатушы» байланысын үзді. Оқиға фактісі бойынша полицияда ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Бүгінгі таңда алаяқтың қармағына тағы үш адам түскені белгілі болды.