Елорда • 27 Қараша, 2021

Елордадан 18 мың жүк көлігі көлемінде қар шығарылды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. 26-27 қарашаға қараған түні елордадан қар полигондарына 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадан 18 мың жүк көлігі көлемінде қар шығарылды

Бүгін елордада қар жинау жұмыстарына екі мыңға жуық жол жұмысшылары мен 1700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

26-27 қарашаға қараған түні ғана елордадан қар полигондарына 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Қалада барлығы төрт қар полигоны, резервте тағы 6 полигон бар. Олардың әрқайсысында тәулік бойы бейнебақылау мен бақылаудың заманауи жүйесі орнатылған, ол арнайы техниканың мемлекеттік нөмірін кіру және шығу жолдарында, келу уақыты мен күнінде тіркеуге және жүктің көлемі мен мазмұнын есепке алуға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, қыс мезгілі басталғаннан бері қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер-алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар мен әлеуметтік объектілерге кіретін жолдар да тазартылады.

Қыс мезгілі басталғаннан бері қаладан 200 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 18 мың жүк көлігін құрады.