Беларусь маманымен жасалған келісімшарт ағымдағы маусымның соңына дейін күшін сақтайды.
«Александр Петрович бапкерлік қызметін 2012 жылы «Динамо-Шинник» командасында бас жаттықтырушының көмекшісі болып бастады, 2014 жылы ол Нижний Новгород Торпедосына жаттықтырушының көмекшісі болып жұмыс істеуге көшті. Сондай-ақ, білікті маманның Новосібірлік «Сібірмен» жұмыс тәжірибесі де болды», деп жазады «Сарыарқа» ХК баспасөз қызметі.
«Сарыарқаға» дейін 50 жастағы маманның жұмыс орны Беларусьтің «Юность» клубы болды. Макрицкий клубтан 2021 жылдың қаңтарында кетті.