01 Наурыз, 2014

Күн тәртібі нақтыланды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Палата Спикері Нұр­лан Нығматулиннің төра­ға­­лы­ғымен өткен Мәжіліс бюро­сында жалпы отырыста қа­ралатын мәселелер белгі­ленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Палата қарауына «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу мәселесі бірінші оқылымға шығарылады. Салалық комитеттің баяндауынша, құжат судьялардың тәуелсіздігінің мәртебесі мен судьялық қызметке үміткерлерді байқау арқылы іріктеу жүйесін дамытуға және судьялық қызметке үміткерлерді таңдаудағы қоғамның рөлін жетілдіруге бағытталған. Жалпы отырыстың күн тәр­ті­бінің жобасына бірінші оқылымға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу қосылды. Сонымен қатар, 2011 жыл­ғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Респуб­ликасының арасында қол­дану туралы Хаттаманы ратифи­ка­ция­лауға қатысты заң жобасы да бар. Осылармен қатар, палатаға Қазақстан-Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасына қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылау ұсынылды.