Сингапурде Бірлескен коммюникеге қол қою арқылы Қазақстан Республикасы мен Вануату Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнады. Аталған құжатқа қазақстандық тараптан Сингапурдегі елші Е.Баударбек-Қожатаев, ал Вануату тарапынан Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Эдвард Нипаке Натапеи қол қойды. Кездесу барысында тараптар түрлі саладағы екі ел ынтымақтастығының болашағын талқылады. Сондай-ақ, Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Кирибати Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдері Қайрат Әбдірахманов және Макурита Бааро екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды. Қол қою рәсімі кезінде екіжақты деңгейдегі ынтымақтастықтың болашағы және Қазақстан мен Кирибати үшін қызығушылық тудыратын БҰҰ күн тәртібіндегі маңызды мәселелер туралы пікір алмасу өтті. Солардың ішінде теңізге шыға алмайтын елдердің мәселелерін шешу, кішкене аралды елдер, тұрақты дамудың мақсаттарын жасау, қоршаған ортаны қорғау және т.б. бар. Кирибати елшісі Қазақстанмен берік тұрақты әріптестік орнайтынына сенімін білдірді. «Егемен-ақпарат».
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті
Бокс • Бүгін, 12:02
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысынан жеңілді
Бокс • Бүгін, 11:40
Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 11:27
Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30