Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.
ДДСҰ ақпараттың анық-қанығы алдағы күндері нақтыланатынын айтты. Ұйым қазіргі уақытта қолданылатын ПТР тесттері инфекцияның жаңа штамын анықтай алатындығын растады.
Бұған дейін ДДСҰ «омикрон» штамының жеткілікті деңгейде зерттелмегенін, оның «дельта» штамынан қауіпті болуы мүмкін деген қорытынды жасауға әлі ерте екенін ескерткен. Сонымен бірге, ДДСҰ вакцина өлім-жітім мен аурудың азаюына айтарлықтай ықпал ететінін еске салған болатын.
Бұған дейін Африканың оңтүстігінде коронавирустың жаңа штамы B. 1.1.529 «омикрон» табылған еді, ол өте көп мутацияға түскен. 26 қарашада ДДСҰ коронавирустың жаңа, қатты мутацияланған нұсқасының ашылғанын ресми түрде жариялады.
«Омикрон» Еуропаның бірнеше елінде - Германия, Чехия, Италия, Ұлыбритания, Нидерланды және Бельгияда анықталды. Сондай-ақ, Гонконг, Израиль және Аустралияда вирустың осы нұсқасы тіркелгені хабарланды.