
«Головкин мен Муратаның екеуі де жақсы боксшы екені даусыз. Бұлар әлем чемпионы болғандықтан, екеуімен де рингте кездесуге дайынмын. Алайда Токиодағы бокс кешінен соң олардың бірі әлем чемпионы атағынан айырылатыны түсінікті. Сондықтан бұл кездесу кәсіпқой бокс әлемі үшін тиімді. Риота шаршы алаңда жақсы қимылдайды. Алайда Головкиннің соққысы жойқын. Сол соққыларын ұтымды пайдаланып, жеңіске жетуі әбден ықтимал», дейді америкалық боксшы.