Кәсіпқой бокс • 29 Қараша, 2021

Головкин-Мурата жекпе-жегі кейінге шегерілуі мүмкін

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин мен WBA (super) белбеуінің иегері, жапониялық Риота Мурата арасындағы шайқас белгіленген уақытында өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкин-Мурата жекпе-жегі кейінге шегерілуі мүмкін

Жапония билігі коронавирус инфекциясының жаңа штамы «омикронның» пайда болуына байланысты шекарадан шетелдіктерді өткізбейтін болды. Елде карантиндік шаралар 1 желтоқсаннан бастап күшейтілмек. Осы жағдайға байланысты әлемдік БАҚ Головкин-Мурата жекпе-жегі уақтылы ұйымдастырылмауы ықтимал деп қауіптеніп отыр.

Иә, Жапония билігі карантиндік шараларды қатты күшейткен жағдайда Головкиннің шекарадан өтуі қиындайды. Алайда қазақстандық боксшы дәл қазір дайындығын тоқтатқан жоқ. Мамандар да бұл шайқастың уақтылы өткенін қалайды.