Аймақтар • 29 Қараша, 2021

ШҚО тұрғынынан төрт мылтық тәркіленді

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жеке тұрғын үйді тексеру кезінде қару-жарақ арсеналын тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО тұрғынынан төрт мылтық тәркіленді

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметке зер салсақ, полицейлер Ұлан ауданы тұрғынының үйінде заңды тексеріс жүргізген. Белгілі болғандай, үйде заңсыз сақталған атыс қаруының бірнеше түрі мен оқ-дәрілер табылған.

«Барлығы 4 мылтық тәркіленді. Нақты айтқанда, калибрі 5,6 мм «ТОЗ» маркалы бір ойық мылтық және 16 калибрлі тегіс ұңғылы үш мылтық. Аталған факті бойынша 54 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287 бабы 3 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Егер азамат айыпты болып танылса, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20